Экспозицияның орталық персонажы еркін жүйрік сәйгүлік, қайырымды серік пен достың бейнесі. Бұл тақырыпқа автор бірнеше еңбегін арнаған. Жылқы жылында ашылатын көрмеге осы сериядағы 50 туынды қойылған.
Жеңіс Кәкенұлы 1965 жылы 9 мамырда Алматы облысы, Қарабұлақ ауылында туған. Балалық шағынан кескіндемені сүйіп ұнатқан. 1989 жылы Қазақ педагогика институтының көркем-графика факультетін бітірді. «Ақжелкен», «Зерде», «Мәдениет», «Тура Би» журналдарында суретші және көркем редактор болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта «Фолиант» кітап баспасының суретшісі, суретші-сыншы, кітап иллюстраторы, әр түрлі эмблемалардың авторы. Суретші Мәдениетті қолдау жылы эмблемасының авторы (2000 ж.), 2009, 2010 жж. Президент стипендиясының лауреаты. Оның суреттері Қазақстан, Ресей, Молдова және Түркиядағы жеке коллекцияларда сақтаулы.
2013 жылдың мамырында Қазіргі заман өнері мұражайында (Астана қ.) «Ақ зер» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл - автордың қазақстандық және әлемдік сурет өнеріне арналған өнертанушылық мақалаларының жинағы.