деп хабарлайды ҚР Президенттік мәдениет орталығының баспасөз қызметі.
Көрменің мақсаты - бейнелеу өнерінің жетістіктерін Елорда тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таныстыру арқылы қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттау; Қазақстанның бейнелеу өнерінің этникалық ерекшелігі мен қазіргі кездегі даму деңгейін көрсету; қоғамдық санадағы рухани-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.
Жеңісбек Әбдіраман - алпысыншы жылдардағы белгілі суретші Салихитдин Айтбаевтың (1938-1994) шәкірті әрі ізбасары. Үздіксіз шығармашылық ізденістен жаңа үрдістерге жол салып, көптеген шәкірттерді тәрбиелеген танымал классик Жеңісбектің сезімталдығы мен әсем бояулы түстерді сыршылдықпен қабылдауын, тақырыптар мен сюжеттер таңдаудағы шеберлігін жоғары бағалады.
Жеңісбек Сыр бойында 1954 жылы дүниеге келген. Жасынан атасы мен әкесінің дала аңыздары мен жырлары жайындағы, көшпелілердің дәстүрі мен салты жайындағы әңгімелерін құлағына құйып өсті. Танымал суретшінің қылқаламынан туған шығармалардың тақырыбы - ұшы-қиыры жоқ ұлы даланың аңыздары, көшпелілердің өмірі, ауыл тұрмысы, сәйгүліктер, қысқасы, Қазақстанның байтақ тарихы. Монументалдылық пен түстің анықтылығы, ұлттық нақыш пен отаншылдық, сезімнің үйлесімі - Жеңісбектің еңбектерінің басты ерекшелігі.
Көрмеге автордың қылқаламынан шыққан 41 туынды қойылады.
Көрмені белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-түрколог, профессор, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков ашады.
Бұл шараға республикалық БАҚ өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, ҚР Суретшілер Одағы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұстаздары мен студенттері және қала тұрғындары мен қонақтар арнайы шақырылып отыр.
Сурет көрмесі қазан айының 20-на дейін жалғасады.