АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Ертең, қазанның 1-де елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында қылқалам шебері Жеңісбек Әбдіраманның «Атамекен» атты жеке көрмесі ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңісбек Әбдіраман 60-шы жыдардағы белгілі суретші Салихитдин Айтбаевтың шәкірті әрі ізбасары. Оның қылқаламынан туған өнер туындылары ұшы-қиыры жоқ ұлы даланың аңыздары, көшпенділердің өмірі, ауыл тұрмысы, жалпы Қазақстанның бай тарихынан сыр шертеді.
Ағымдағы жылы қазанның 20-сына дейін жалғасатын көрмеге автордың 41 туындысы қойылмақ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.