Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңғы алты айында сот органдарына сыбайлас жемқорлық бойынша 37 іс түсті. Бүгінде оның 30-ы қаралды. Өткен жылдың аталған кезеңінде 17 іс болды. Сол кезде ол істердің 12-сі қаралған болатын. «Демек, биыл сыбайлас жемқорлық бойынша сот істерінің саны екі есеге көбейіп отыр», - дейді С.Абдуллаев.
Жалпы, қазіргі кезде Астана қаласы соттарының қарауында 35 мың іс бар. Оның 20,2 мыңы - азаматтық, 13,2 мыңы - әкімшілік және 11,2 мыңы - қылмыстық істер.