Астанада табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астанада Дружба көшесі, 23/1 үйде орналасқан табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр.

ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Эльдор Райымбеков хабарлады.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бұл өртке екінші санат беріліп отыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, өртенген аудан 1 мың шаршыметрді шамалайды. Қазіргі таңда өрт ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, дейді құтқарушылар.

Оқиға орнында 11 өрт сөндіру техникасы және төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 40 адамы жұмыс істеп жатыр.