Астанада «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының 4 мүшесі ұсталды - ҚР ҰҚК
Сотқа дейінгі өндірісті ашуға ұсталған тұлғалардың Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының әрекеттеріне белсенді қатысулары туралы мәліметтер негіз болды.
Аталған тұлғаларға ұлттық қауіпсіздік органдары бірнеше рет «Таблиғи Жамағаттың» сот шешімімен заңсыз деп танылғаны және оның іс-әрекетіне қатысу қылмыстық жауапкершілікке алып келетіндігі туралы ресми ескертпе жасаған.
Ұсталғандар Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі «Таблиғи жамағат» шетелдік ұйымының 26.02.2013 жылы Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты шешімімен экстремистік болып танылғандығы және оның іс-әрекетіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынғандығы туралы еске салады.