Астанада табылған 5 жасар қызды ата-анасы үйіне алып кетуге асығар емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада адасып кеткен 5 жастағы қыздың ата-анасы табылғанымен, олар баланы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығынан алып кетуге асығар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы аталмыш Орталыққа телефон соққан Агенттік тілшісіне ондағы қызметкерлер баланы таныған көршілері хабарласқанын айтты.

«Бізге баланың көршілері хабарласты. Оларға құжаттарды алып келу қажеттігін айттық. Бірақ, ата-анасы баланы әлі алып кеткен жоқ», - деді Орталық қызметкерлері.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде елорданың Керей-Жәнібек хандар көшелерінің бойында 5 жастағы қыздың табылғаны және оның қалалық Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында екендігі жарияланған болатын.