«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 52, 54, 57, 121, 120, 24, 24Н бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді» деп хабарлады компаниядан.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.
«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» делінген хабарламада.
Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қошқарбаев даңғылы бойымен Абылай хан даңғылына бара жатқан жолдағы «№ 1 қалалық аурухана» аялдамасына өтетін жол жабық.
Сондықтан № 9, 11, 22, 22А, 28, 47, 48, 71 бағдарлары аталған аялдамада уақытша жолаушыларды отырғызып-түсірмейді.