Елордада орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмысы жоспарланған.
Осыған байланысты 20-21 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада ведомствоаралық оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі.