Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі учаскесінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 18-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін елордада Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралық уақытша жабылатыны туралы хабарладық. Бұл аралық бүгін 07:00–де қайта ашылатын болады.
Сонымен қатар қалада бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.