Астанада тағы бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — № 1, 6, 11, 85 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Айта кетейік, «Восток ТК», «Балауса ТҮК» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып, түсірмейді. 

Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады.

Бұған қоса елордада жол жөндеу жұмысына байланысты 16 мамыр сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

«City Transportation Systems» ЖШС бұған дейін № 2, 3, 14, 21, 32, 50, 75, 60, 66, 503, 508, 11, 48, 57, 507 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретінін хабарлады.