Астанада тағы бір Арбат құрылады

АСТАНА.  ҚазАқпарат - «Астана - даму мен инновацияның 20 жылы» форумында қалалық инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров елордада креативті кластерлер құруды ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Арбат секілді креативті кеңістік «Жастар» сарайы базасында ашылуы мүмкін.

Сондай-ақ, ЭКСПО Сулы-Жасыл желекжолда да креативті кластерлер пайда болуы мүмкін. Оң жағалаудағы креативті кеңістіктер «Жастар» сарайы базасында Омаров көшесіне дейін жалғасады.

«Онда жастар Арбаты ұйымдастырылып, ашық креативті кеңістік орналасады. Жақын арада идеяларға ашық конкурс жарияланады және бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асырылады», - деді форумда Әлішер Әбдіқадыров.