Астанада тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «City Transportation Systems» компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.

«13 қарашадан бастап Нұржол бульварынан Қонаев көшесіне дейін («Сулы-жасыл желекжол» тұрғын үй кешені бойымен) біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл шешім тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініші бойынша көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», - делінген компания мәліметінде.

Аталған шешім «Есіл» ауданы әкімдігімен және «City Transportation Systems» ЖШС-мен бірлесіп қабылданған.

«Жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз», - деп қосты компаниядан.