Астанада тағы төрт автобустың бағыты уақытша өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС Астанада тағы төрт автобустың бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 5, 5A. 8, 120 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.