Астана теміржол вокзалында рейд кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады.
Ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған.
Ер адам бір жоалушының шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан «Сапаржай» автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.
Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда тиіскені үшін 10 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке қамалады.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қаралған.