3766 талапкер немесе 71,86% емтиханды тапсыра алмаған. Бұл туралы astana.kz сайтына Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, тестілеуге 5241 талапкер қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 2819, орыс тілінде - 2422 тест тапсырылған
Айта кетейік, 2012 жылы кешенді тестілеуге 4543 талапкер қатысқан. Соның ішінде 1274 (28,04%) талапкер сынақтан өтсе, 3269 (71,96%) сынақты тапсыра алмаған.
Биыл елордада кешенді тестілеу 19 - 22 шілдеде өтіп, оған 5241 түлек қатысты. Тестілеу Астана қаласы бойынша 2 жоғары оқу орнының базасында өтті. Атап айтқанда,1986 түлек Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде және 3255 түлек С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тестілеуден өткен.
Тестілеуге қатысқандардың ішінде жалпы білім беру мектептерін бітірушілер - 669, техникалық немесе кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілер (11-сынып) - 1079, техникалық немесе кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілер (9-сынып) - 3506 адамды құрап отыр.