Астанада Талдыкөл көлінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр

Фото: Фото: видеодан кадр/ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM –  Талдыкөл көлінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтану алдын ала 1700 шаршы метр алаңда оқшауланған. Тұрғындарға қауіп жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.