Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық көлік апаты болды

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

— Таңертеңнен бері елордада 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Полиция департаменті жүргізушілерге барынша сақ болуын ескертеді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство жүргізушілерге мына жайларға мән беруде ескертеді: 

— Жеке көлікпен шыққанда ауа райына байланысты жарияланған ескертулерді бір қарап алған жөн (қар, бұрқасын, көктайғақ және т. б.);

— Шұғыл бұрылмау керек және алдыда келе жатқан көлікпен арақашықтықты әдеттегіден бір жарым, екі еседей алыс ұстаған жөн.

Қазіргі сәтте Астанадан шығатын барлық автожолдар жабық тұр. 

Айта кетейік, Астанада қар күреуге 1 600-ден астам арнайы техника шығарылды.