Балаларды кинотеатр алдында күтіп алған даңқты боксшылар бүлдіршіндерге тәтті алып беріп, балаларға арналған жаңа фильмдердің бірін тамашалауға кірісті. Кинодан кейін спортшылар «SOS балалар ауылына» барып, бүлдіршіндермен бірге түскі ас ішеді. Кейін, кешкісін спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв интернатаның оқушылары үшін шеберлік сағатын өткізеді.
«Менің бір ұлым бар, сондықтан, балаларды қатты жақсы көремін. Әрине, балам көп болсын деймін, бір Алла біледі»,-деді журналистермен сөйлескен Данияр Елеусінов.
Айта кетейік, бұл игі істің бастамашысы - «Аяла» атты қайырымдылық қоры.