Көрмеге елордамыз Астана мен Ақмола облысының өміріндегі сәттер бейнеленген шебердің 43 жаңа туындысы қойылды. Экспозицияға әр алуан пейзаждар, портреттер мен натюрморттар енген.
«Қалалық пейзаждар» сериясында көрермендер назарына 19 фотосурет ұсынылған.
Куприянов Генрих 1963 жылы Қазан мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған және 1964 жылы қазан айында КСРО коммунистік партиясының шақыруымен Целиноград қаласына келген. Содан бері елордада тұрады. Астаналық Денсаулық үйінде 47 жыл бойы тіс дәрігері-дантист болып еңбек етуде. Әр жылдары акварельмен пейзаждар салып, тастар мен фотоуреттерге әуес болған. Сүйікті жұмысы мен фотосуреттер өмірлік сеніміне айналған. 1966 жылдан бері ақ-қара түсті фотосуреттермен айналыса бастады. 1968 жылы «Сәуле» және «Іздеу» фотоклубтарында білім алған. Деректі және көркем фотосуреттердің қалалық, облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелеріне қатысқан. «Целиноградская правда» облыстық басылымында және «Известия» бүкілодақтық газетінде фотоконкурстарда бірнеше рет лауреат атанған. 1979 жылы Болгарияда Кеңес Одағының Халықаралық көркемөнер шығармашылығы фестивалі аясында өткен фотокөрменің қатысушысы болып табылады. Өзінің еңбектері үшін халық шығармашылығының түрлі дипломдарымен, «Сибирь-2006» халықаралық фотосалоны жүлдесімен және т.б. марапатталған. Оның туындылары Қазақстан, Ресей, Германия, Жапония және әлемнің өзге де елдерінде көрмелерге қойылған.
Генрих Куприяновтың «Состояние - 6» фотокөрмесі 31 шілдеге дейін өтеді.