Астанада Тәуелсіздік даңғылы жартылай жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 мамырдан 2 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылы жартылай жабылады, деп хабарлайды Қазақпарат astana.gov.kz. сілтеме жасап.

30 мамыр 20:00-ден 2 маусым 15:00-ге дейін Астанада Тәуелсіздік даңғылы мен А. Байтұрсынов және Ж. Нәжімеденов көшелері аралығы барлық көлік түрлері үшін жабық болады.

Жол ашық аспан астында Open Air шоу-концертінің өтуіне байланысты жабылады. Жүргізушілер алдын ала өз бағыттарын жоспарлап алғаны абзал, - деп жазады әкімдік сайты.