Астанада «Тәуелсіздік толғауы» және «Елім менің» байқауларының жеңімпаздары анықталды
Конкурс бірнеше жанрды қамтыды. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын байқау қоғам арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Сонымен қатар жаңа шығармалардың өмірге келуіне ұйытқы жасап, опера, драма, қуыршақ театрларының, шығармашылық ұжымдардың, музыканттардың репертуарларын байытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шығармалар шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстан жетістігінің айқын көрінісі.
Сонымен, «Қазақ халық аспаптарына арналған кіші көлемді ең үздік шығарма» болып Тоғжан Жахиннің "Жалын" атты күйі танылды. «Жастар аудиториясына арналған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма» аталымында бірінші және екінші орындар қазылар алқасының шешімімен ешкімге берілмеді. Үшінші орын Ақтоты Райымқұловаға "Жүрек қалауы" мюзиклі үшін берілді. «Қуыршақ театрына арналған ең үздік туынды» аталымында Гүлжайнар Калдинаның "Қырсық балапаны" жеңіп алса, «Хорға арналған ең үздік шығарма» аталымында Бахтияр Аманжолдың "Ел іші - алтын бесік" туындысы бірінші жүлдеге лайық деп танылды. «Балаларға арналған үздік ән» атағына биыл Қуат Шілдебаевтың "Жаңа жыл" өлеңі қол жеткізді.
Ал "Елім менің" байқауында лауреаттар "Атамекен", "Аманат" және "Ән сал, сарбаз!" номинациялары бойынша анықталды.