АСТАНА. KAZINFORM – Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз.
Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.
Айта кетейік, Қазақстанда сәби өлімі 19,3%-ға төмендеді.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.