Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған мерекелік бейнелер 3D LED-экранда, алып шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және қаланың басқа да нысандарында көрініс тапты.
Мерекеге арналған безендірулер тарихи датаның маңызын айшықтап, елордада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырады.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 35 жыл толады.
Бұған дейін Республика мен Тәуелсіздік күндерінің айырмашылығы неде екенін жазған едік.