Спикердің айтуынша, елордада күн сайын орта есеппен 1200 тонна тұрмыстық қалдық жиналады.
– Күніне орта есеппен 1200 тонна қалдық шығарылады. Жиналған барлық қоқыстар сұрыптау зауытына шығарылып, қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар арнайы көму полигонына шығарылады. Қатты тұрмыстық коммуналдық қалдықтарды жинау мен тасымалдауда қалада 3 жеке меншік қоқыс тасымалдаушы ұйым жүзеге асырады, – деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ Медет Джалпыбаев қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағытында іске асырылып жатқан жобаларға тоқталды.
– Сонымен қатар ол жобаның негізгі мақсаты қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін енгізу, яғни полигонға келген қайта өңделмейтін қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіру. Бұдан бөлек жеңілдікпен несиелендіру шеңберінде қалалық әкімдік тарапынан қалдықтарды өңдеу және сұрыптау саласындағы 6 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау зауыты, пластик қалдықтарынан бұйымдар шығаратын зауыт, қауіпті қалдықтарды жою және өңдеу зауыты, қағаз қалдықтарынан санитарлық-гигиеналық қағаз өндіру зауыты, полиэтилен қалдықтарынан стретч-пленка шығару зауыты және тағы басқа жобалар, – деп толықтырды ол.
Айта кетейік, биыл Астанада 122 заңсыз қоқыс орны анықталды.