Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бүгін өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, ауа температурасы күндіз 22 24°С, түнде 14 16°С жылы болады.
Сенбі, жексенбі күндері күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады. 13 маусым, сенбі күні ауа температурасы түнде 14 16°С, күндіз 25 27°С болады. Жексенбі күні жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°, күндіз 18 20°С болады.