Астанада тегін заманауи дәретханалар орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 6 тегін модульді дәретхана орнатылды. Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, оның үшеуі желілік - инженерлік желісіне қосылған және үшеуі - автономды. Олардың біреуі «Ғашықтар» саябағында, қалғандары «Арай» саябағында, теннис корты аумағында, орталық саябақ ауданында орналасқан.

Тағы екі дәретхана «Көрме» көрме кешінінде және Ұлы Дала даңғылында, «ЭКСПО-2017» көрмесі маңында.

Модульді дәретханалар Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жасалған.

Дәретханаларды сатып алу немесе күрделі жұмыс жүргізуге қарағанда модульді дәретханалар әлдеқайда арзанға шығады. Бұл - мүлдем жаңа үлгіде құрастырылған жоғары жайлылықты қамтамасыз ететін мобильді дәретхана.

Модульді дәретханалардың екі түрі бар: желілік және автономды. Алғашқысы кәріз және су жүйелеріне қосылуды қажет ететіндіктен дайындалған орынға қойылады.

Ал, автономды модульдердің жинақтау багы бар, сондықтан инженерлік желілерге қосудың қажеті жоқ. Сол себепті кез келген жерге қоюға болады. Басты талап - электр желісіне қосу.

Астанадағы жаңа қоғамдық дәретханалар шағын, заманауи, түрі қала көркін бұзбайтын, барлық экостандарттарға сай.

Қондырғы екі шағын кабинадан тұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы пандус бар. Сантехникадан бөлек, сұйық сабын мен қағаз орамалдарға арналған диспансерлер орнатылған.

Қоғамдық дәретханалар келушілер үшін тегін болмақ. Модульді дәретханалардың ерекшелігі жыл бойы пайдалануға болады. Олар Астананың климаттық жағдайына бейімделген.