Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиевтің сөзінше, бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шықты. Салдарынан оның 2 боксы ашық жалынмен өртенді. Жоғары дәрежелі шақыруды жариялап, күштер мен құралдарды тез арада арттырғанның нәтижесінде жедел штаб көрші бокстарға өрттің таралу қаупін жойды. 250 ш. м. алаңды шарпыған өрт сөндірілді.
— Өрттен 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігі зақымданды. 1986 жылы туған жалға алушыны күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.
Мәуленбердиев атап өткендей, өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 қызметкер және 15 техника жұмылдырылды.
Осыған дейін Ақтөбеде бір айда 16 көлік өртеніп кеткенін жазған едік.