«Астана темір жол вокзалында өткізу режімі, жолаушылар мен олардың заттарын, жүктерін тексеру енгізілуіне байланысты сіздерден пойыз жүргенге дейін 60 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз», - делінген вокзал әкімшілігінің хабарламасында.
Еске салсақ, тексеріс 1 сәуірде енгізілген. 1 маусымнан бастап өткізу режімі республиканың қалған барлық 13 вокзалына енгізіледі.
Еске салсақ, тексеру рәсімі лаңкестік қауіптілік деңгейіне қарай айқындалады. Террорлық қауіп жоқ кезеңде немесе орташа (жасыл) деңгейде іріктеу тексеріс жүреді. Жоғары «Сары» және қауіпті (қызыл) деңгейде барлық жолаушылар мен келушілер, олардың заттары, қол жүктері тексеріледі.