Астанада теледидардан бөлінген улы заттан ер адам тіл тартпай кетті

АСТАНА: 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы жекеменшік тұрғын үйде теледидар сымының тұйықтылауынан пластмассалық корпусы еріп, одан зиянды улы зат бөлінген.

Соның салдарынан уланған ер адам оқиға орнында жан тапсырды, тағы бір жас жігіт ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.