Жылдық сатылым көлемі кемінде 450 мың электрондық билетті құрайтындығы болжануда, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» компаниясынан.
Темір жол вокзалындағы электронды сату орталығы тиісті қызметтерді көрсетуге қабілетті автоматтандырылған, өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары орнатылған жолаушыларға қызмет көрсету залынан тұрады.
Электрондық сөреге қосылған автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары жолаушыға қажет билетін іздеп табуға, оны қолма-қол ақшаға немесе банк картасы арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшаға сатып алу кезінде артық ақшаны қайтару қағаз ақшада және тиын түрінде де жүзеге асырылады.
Жобаның екінші сатысында e-Tenge, WebMoney, Yandex Деньги және өзге де электрондық ақшалармен төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Билеттерді басып шығару купоны, чек ретінде жүзеге асырылады. Бір автоматтандырылған кассаның әлеуеті тәулігіне 250 билетті құрайды.