Астанада темір жол вокзалындағы жағдай қалыпқа келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана темір жол вокзалындағы жағдай қалыпқа келді. Барлық пойыздар кестеге сәйкес жүріп жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында т/ж вокзалында жолаушылар кептелісінің ізі де қалған жоқ. Жолаушылар билет алып, өздерінің пойыздарын күтуде.

Еске салсақ, 27-28 желтоқсанда Ақмола облысында 12 жолаушылар пойызы кешікті. Олар 27 желтоқсанда Бабатай стансасында 12 жүк вагонының рельстен шығып кетуіне байланысты тұрып қалды.

 

ҚТЖ деректеріне сәйкес, сол күні кешке Астана вокзалында адамдар саны 800-ге жетті. 28 желтоқсан күні таңертең жолаушылар өз бағыттары бойынша жолға шықты. 250 жолаушының билеті кері қайтарылды.