Астанада темірбетон қабырға 52 жасар азаматты басып қалды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында «Титан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жүк көліктеріне арналған ангардың темірбетонды плиталы екі қабырғасы құлады»,-

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

 Құлаған плитаның астында қалған 52 жасар ер азамат мерт болды. Келеңсіз  оқиғаның салдарын жоюға ТЖ саласының 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.