Конференцияда тұрғындардан «Өндіріс» тұрғын үй алабы бағытында теміржол үстіне көпір салу жөнінде сауал қойылды.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Астана қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, Угольная, Ә.Бейсеков, Р.Қошқарбаев, Сарайшық және Ұлы дала көшелері бойына шағын айналма жол салу басталды», - деп жауап берді қала әкімі.
«Сондай-ақ, аталған жоба аясында ескі теміржол вокзалының аумағында темiржол арқылы өтетін көпір салу қарастырылған. Жоба 2020 жылға жоспарланып отыр. Сонымен бірге, жеке меншік иелерінің құрылыс үшін жер телімдерін босатуы қажет болады», - деді әкім.