Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді
15:34, 18 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 21-26 шілде аралығында елордада теннистен ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, аталмыш жарыста тәжірибелі спортшылармен қатар жас теннисшілер де сынға түседі.
Атап айтсақ, чемпионатта Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Омарханов, Жібек Құламбаева, Сандуғаш Кенжебаева және Аружан Сағындықова бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир Beeline Arena теннис орталығында өтеді.
Осыған дейін Швейцариядағы турнирде Бублик Шевченконы жеңіп, ширек финалға шыққанын хабарлаған едік.