«6 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Есіл аудандық ішкі істер басқармасы Тергеу бөлімінің басшысы парақорлыққа жол бергені әшкереленді» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, күдікті оған бағынышты делдал арқылы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 000 теңге көлемінде пара алған.
Өз кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілер қамауға алынған жоқ.