Елордалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаның орын алғаны туралы хабар түскен жағдайда шұғыл қолға алынатын іс-шаралар жайлы Астана қ. ІІД басшысының орынбасары Есенбай Б.Е., елордалық ТЖД басшысының орынбасары Қайсанов М.С. және жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Жакин Г.С. баяндады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселесі бойынша қаланың темір жол және автовокзалдарының жетекшілері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қауіпсіздік департаментінің басшысы сөз сөйледі.
Жиын қорытындысында елорда мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шешімдер қабылданды.