Астанада терроризмнің алдын алу бойынша оқу шаралары өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Алматы» ауданы әкімдігінің аумағы мен «Барыс Арена» спорт кешенінде елордалық терроризммен күрес бойынша жедел штаб жоспарлы жедел-әрекет ету оқуларын өткізіп жатыр.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, шараның мақсаты - террористік қауіп төнген жағдайда елорданың жедел штабының күші мен мүмкіндіктерін бағамдау. Жедел шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарды түсіністікпен қарап, тыныштық сақтап, байбалам салмауға шақырады.

Оқу барысында арнайы операция жүргізу жөнінде іс-қимылдарға машықтану, сонымен қатар терроризм актілеріназайтуға арналған шаралар қарастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқыту әскери жағдайларға негізделіп, түрлі деңгейдегі қиын элементтер жасалады.