Елордалық Тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, шараның ашылу салтанаты ерекше болмақ. Бұл күні Астана ұлттық сурет галереясында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен белгілі отандық әртістер Бауыржан Исаев, Жаңабай Өтегенов, Маржан Арапбаева мен Ардақ Балажанова өнер көрсетеді. Сонымен қатар «Наз» би театры, белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Әсем Ережепқызы айтысып, шеберлік байқасты. Фестиваль аясында елордада түрлі байқаулар, шығармашылық кештер мен концерттер ұйымдастырылады. Мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін, қоғамдағы рөлін арттыру, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
20:24, 02 Қыркүйек 2014
Астанада тілдер фестивалі аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тілдер фестивалі осымен он алтыншы рет өткізіліп отыр. Биылғы шара 5 қыркүйекте басталып, 19 қыркүйекке дейін жалғасады.