Кеш барысында туған тіліміздің дамуына тілектес жас әншілер отан, ана, рух пен тіл тақырыбына өлең-жыр жолдарын арнап, асқақ рухты қазақ елінің кең даласын шырқады. Жаңабай Өтегенов, Ғани Жұмашева, Асқар Жайлаубаев, Гүлсәнім Жұмағалиева, Еркебұлан Сәрсенбеков, Айгүл Елшібаева, Жанар Әділбек, Тимур Жұбақов, Ғалия Есқұлова және тағы басқа жас әншілер шырқаған әндер бүгінде «Астана радиосының» үздік хиттеріне еніп отыр. Кеште ән салған барлық орындаушыларға іс-шараның ұйымдастырушысы - ҚР Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының арнайы алғыс хаттары тапсырылды.
20:22, 20 Қазан 2010
Астанада «ТІЛектестер шашуы» атты тұңғыш ән фестивалі өтті
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында «ТІЛектестер шашуы» атты тұңғыш ән фестивалі ұйымдастырылды.