Астанада тілсіз жау екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Астана қаласында өртте екі адам мерт болды, көмірқышқыл газына уланған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомство баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Сарыарқа ауданының Пархоменко көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 70 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндіру барысында 42 жастағы әйел мен 11 жастағы баланың мәйіттері табылды. Түтін газына уланған 45-тегі азамат дереу ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жау ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 30 адамы мен 6 техникасының күшімен 2 сағаттан кейін ауыздықталды.