Астанада Тимур Бекмамбетовтің фильмі түсіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешке Тимур Бекмамбетовтің «Шыршалар 1914» атты жаңажылдық комедиясының бастапқы және соңғы көріністерін «Астана Опера» театрында түсіру басталды.

Көпшіліктің сүйікті «шыршалы» дәстүрі жайлы фильмге кәсіпқой актерлармен бірге іріктеуден өткен қарапайым көрермен де қатысып, жаппай селфи жасап, Жаңа жылды мезгілінен бір жарым ай бұрын қарсы ала алады.

100 жыл бұрынғы көріністі жеткізетін «Шыршалар 1914» туындысының бастапқы және соңғы кадрлары қазіргі заманды көрсетеді, онда сюжет бойынша шулаған топ 2015 жылды қарсы алғалы жатады, артынша оқиға 1915 жылдың қарсаңына ауысады.

Астанаға Жаңа жылдың эстафетасы Красноярдан жетті, бұған дейін ауқымды акцияға ресейдің өзге қалалары - Санкт-Петербор, Пермь, Иркутск, Омбы, Қазан, Саратов және Воронеж де қатысқан еді. Әр қаланың жергілікті тұрғындары «Шыршалар 1914» фильмінің соңғы көрінісіндегі өздерінің нұсқасын тамашалай алады, нақтырақ айтқанда олар өздерін 25 желтоқсанда қалаларындағы кинотеатрлардан Рождествоны ескі стильде көре алады.

«Шыршалар 1914» рождестволық комедиясының түсірілімдері ағымдағы жылдың ақпан айында басталған болатын. Фильм Ресейдің ірі және шағын қалаларында, ақсүйектер үй-жайында және шаруалар үйінде, қайғысыз балдарда және Бірінші дүниежүзілік соғыстың қаһарлы майданында өрбиді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.