Астанада тірі донордан органдарды трансплантациялау бойынша Корея мамандарының қатысуымен симпозиум өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8-10 қазанда № 1 қалалық аурухана базасында Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (Korea Health Industry Development Institute) бастамасымен тірі донордан органдарды трансплантациялау бойынша «Хирургиялық машықтар мен органдар трансплантациясынан кейінгі асқынуларды жүргізу» тақырыбында симпозиум өтеді, деп хабарлады astana.kz

Шара трансплантологияның проблемалық мәселелеріне арналған. Симпозиум бағдарламасы аясында кәсіпқойлар мен мамандар - дәрігерлер, орта медициналық жұмыскерлер ғылыми және клиникалық ақпарат, тәжірибе, технологиялар мен органдар донорлығын дамыту, трансплантациялау және трансплантациялық үйлестіру саласында сарапшылардың бағалауларымен алмасу үшін осы салада бірлесіп жұмыс істемек. Симпозиумға Сеул ұлттық университеті госпиталінің (SNUH, Оңтүстік Корея) жетекші мамандары қатысады, жалпы жиынға 200 адам қатысады.