Әкімшілік полиция басшылығының хабарлауынша, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға азайған. Мамандардың айтуынша, жол көлік оқиғаларына көбіне балалардың жолда алаңғасарланып, ұялы телефондарына әуреленуі, құлаққаптарындағы әуен дыбысын қатты қойғандықтан, көлік сигналын естімей қалуы басты себеп болып жатады. Сонымен қатар, бүгінгі брифингте Астанада екі аптаға жалғасатын «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын хабарланды. Аталған шара жыл сайын оқу жылының алдында өткізіледі. Мұндағы мақсат - балаларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру және ондай оқиғалардың алдын алу. Сонымен қатар, шара аясында ұйымдастырушылар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесіп, психологиялық көмек көрсетеді. Айта кетейік, жедел-профилактикалық шара барысында тәртіп сақшылары жалпы білім беретін мекемелер мен жасөспірімдер жиі жиналатын алаңдарды күзетеді. Сондай-ақ, 1 қыркүйекте қала мектептерін аралап, оқушыларға мектеп формасы мен сөмкелер сыйлайды.
13:52, 15 Тамыз 2014
Астанада тіркелген жол-көлік оқиғаларында 60 бала жапа шекті - ІІД
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астанада тіркелген жол-көлік оқиғаларында 60 кәмелетке толмаған бала жапа шекті. Оның біреуі қайтыс болып, 59-ы жарақаттанды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасында өткен баспасөз брифингте хабарланды.