Астанада «ТКШ-ЭКСПО-2013» халықаралық форумы өз жұмысын бастады

None
АСТАНА. 18 сәуiр. ҚазАқпарат - Елордада "ТКШ-ЭКСПО-2013" халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Оған халықаралық сарапшылар, орталық және жергiлiктi билiк органдары, даму институттары мен бизнес-құрылымдардың өкiлдерi қатысуда. Форумды ҚР Өңiрлiк даму министрлiгi ұйымдастырып отыр.

"Бұл форум тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығына қатысушылар арасында әрiптестiк орнатуға көмектесiп қана қоймай, елдегi ТКШ-нiң дамуына үлкен серпiн бермек. Елбасы Н.Назарбаев бұл мәселеге ерекше назар аударуда. Қазiргi таңда Қазақстанда энерготиiмдiлiк ең басты басымдылыққа ие. Президенттiң тапсырмасымен Үкiмет экономиканың осы саласына ауқымды қаражат бөлiп отыр", - дедi ашылу салтанатында ҚР Өңiрлiк даму вице-министрi Қайырбек Өскенбаев.

Форум барысында отандық және 34 шетел компанияларының 80-нен астам экспонаттары қойылған "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инновациялық, энергия үнемдеу технологиялары және құрылыс индустриясы" тақырыбында "ТКШ-ЭКСПО-2013" VI халықаралық көрмесi ашылды. Оның басты мақсаты - саланың дамуына серпiн беру, халықаралық байланыстар орнату және салаға инвестиция тарту.