Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ресми қолдауымен «Fair Expo» және «Экспо-Сервис» көрме компаниялары өткізеді.
Көрме алаңында ТКШ және құрылыс кешені үшін жаңа техникалық және технологиялық өнімдер ұсынатын жетекші кәсіпорындар кездеседі. Биыл қатысушылар бірінші рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру және Smart City концепциясын («ақылды қала») іске асыру шешімдерін ұсынады. Сондай-ақ, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, құрылыс технологиясы және материалдар, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.
Экспоненттер - қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың көпшілігі отандық өндірушілердің тізіліміне енгізілген. Көрмеге Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай компаниялары қатысады.
Іс-шара аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «Тұрақты қалалар- Smart Cities» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияның басты тақырыбы - қала шаруашылығындағы «жасыл» және smart-технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға ПИК қауымдастығы, энергетикалық аудиторлық компаниялар, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, басқару және сервистік компаниялар, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.
Көрме-форумның ресми ашылуы 15 қараша күні сағат 10:00-де «КӨРМЕ» көрме орталығында өтеді.