АСТАНА. KAZINFORM - Астанада Нұрғиса Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі аралығындағы жол төсеміне жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты 22-26 шілде аралығында аталған көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
— Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша жол қозғалысы сызбасына сәйкес ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.
Әкімдік жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылатынын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.