Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылды

Астанада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылғанын жазған едік.