Астанада ТМД елдерінің ең мықты каратэшілері жиналады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада 24 ақпан күні «Дәулет» спорт сарайында балалар, жастар, жаөспірімдер, юниорлар, қыздар, әйелдер және ерлер арасында киокушинкай кан каратэден «ТМД кубогы» V халықаралық турнирі өтеді.

Онда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ең мықты деген каратэшілері жиналады деп күтілуде.

Бұл туралы Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясынан мәлім етті.