«Достастық кітапханалары: интеграция, инновация және жалпыға ортақ қолжетімділік» атты ТМД елдері кітапханашыларының форумын өткізеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумның мақсаты - достастық елдері арасында мәдени және кітапханааралық байланыстарды нығайту, Астана қаласын 2012 жылғы Достастық елдер кітапханалары астанасы ретінде насихаттау.
Форумның күн тәртібінде Достастық елдерінде кітапхана ісі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мәдени, этникалық, тілдік және көпконфесиялық жағдайдағы кітапханалардың қызмет көрсетуі, сандық технологияларды пайдалану негізінде мәдени мұраға қол жеткізуді қамтамасыз етудегі кітапханалардың өзара ықпалдастығының тетігін анықтау, кітапханашылардың кәсіби деңгейін жетілдіруді кітапханалардың заманауи талапқа сай ойдағыдай даму факторы ретінде қарастыру сияқты өзекті мәселелер талқыланады.
Форум шеңберінде «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму талаптарына сай кітапхана қорларын қалыптастыру» атты семинар өткізіледі.
Форумға ТМД елдерінің Ұлттық кітапханаларының директорлары, Қазақстан кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, сонымен қатар Достастық елдерінің Мәдениет министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, МГЫҚ, ТҮРКІСОЙ, ИФЛА, Еуразиялық Кітапханалық Ассоциациясы және т.б.) өкілдері шақырылды.